"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолда жүру ережелері

24.11.2020

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің тобымызда бүгін «Жолда жүру ережелері» атты жол ережелері туралы айтпақпын.

Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

1.    ескерту белгілері

2.    басымдылық белгілері

3.    тыйым салу белгілері

4.    міндеттеу белгілері

5.    ақпараттық-көрсеткіш белгілері

6.    қызмет көрсету белгілері

7.    қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар).

  • Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

  • Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

  • Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

  • Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

  • Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

 

 

Жұмбақтар

1.Ала таяқ ұстаған,                                                      

Жол тәртібін нұсқаған.                                                 

Ысқырықпен түзеткен.

Өміріңді  күзеткен     (Милиционер)

2.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.  (Автобус)          

3.Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4.Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.  (Бағдаршам)

5.Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6.Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

 

Жүргізушілердің ережесі.

1.              Көліктерді тек ғана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тратуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

2.              Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.

3.              Жүк көліктердің жүк салғышына тұруға, барып қырына отыруға тыйым салынады.

 

Жаяу адамның міндеттері.

1.              Жаяулар тратуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.

2.              Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі  немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққ қарау керек.

3.              Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.

4.              Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

Рахмет! Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесімен таныстыңдар. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар.

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст