"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құстарды қарсы алайық

15.04.2018

Сабақ тақырыбы:

Құстарды қарсы алайық.

Сабақ мақсаты:

*Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы

көктемде құстардың оралуын олардың азайып кетуінен хабардар ету.

* Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға ой -

өрістерін, түсініктерін дамыту.

*Оқушыларды Отанын жерін, орманын, көлін,

табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін

дамыту.

Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, жатқа

айту, сұрақ - жауап, пікірлесу, көркем сөз, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Құстар суреті, құстар туралы

мақал-мәтелдер, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

А) Психологиялық дайындық.

Құстарды қорғап бағамыз,

Көктемде ұя саламыз.

Жыл құстарын қарсы алып,

Үй құстарын бағамыз.

Ә) Балалар, бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы:

Құстар біздің досымыз.

1. Ой қозғау;

- Балалар қандай құстарды білеміз?

- Қазір қандай мезгіл?

- Көктемде ең алғаш ұшып келетін қандай құс?


2. Слайд. Суретпен жұмыс.


- Балалар мына құстардың атын атайықшы;

қараторғай, қарлығаш, бозторғай, шымшық, тырна, қаз, үйрек.

- Балалар ұзақтан кейін қандай құстар ұшып

келеді екен?

3. Мағынаны ашу. Слайд.

Құстардың түрі мен ұшып келу реті Ұшып келетін

уақыты Мекен етуі

Ұзақтар, қараторғайлар, бозторғайлар, шымшықтар.

Жер кеуіп, жәндіктер жандана бастағанда Үй шатырларының астыңғы жағы мен

бұрыннан қалған ұяларды иемденеді.

Тырналар, қаз, үйрек, шағалалар. Өзен мұздан

арылғанда


Бұрыннан қалған ұяларды иемденеді, биіктікке ұя

салады.

Қарлығаштар, теңбіл, торғайлар. Маса, шыбын

шыққанда Бұталар мен ағаш бұтақтарына, жағалаудағы тастар арасына ұя салады.

Ағаш қуысына ұя салады.


4. Шығармашылықпен жұмыс. 4 жол өлеңді аяқта.

Құстар қалай ұшады?

Қарға ұшар...,

Шағала ұшар...,

Үйрек ұшар...,

Қаз ұшар....

қаңқылдап сымпылдап шаңқылдап қарқылдап

5. Құстар туралы мақал - мәтелдер мазмұнын ашу.

1. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

2. Құстың да қанаты талады.

3. Үкіні көзі асырайды.

4. Құстың мамығынан қорған үюге болады.

6. Топпен жұмыс. Құстар жөнінде викторина

сұрақтары.

1. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)

2. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)

3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған?

(бүркіт)

4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)

6. Құстың жүрегі минутына қанша рет соғады?

(960)

« Құстар қайтып барады» әні орындалады.

7. Венн диаграммасы.

Жыл құстары Үй құстары


8. Жұмбақ шешу.

1. Көлдің көркі, сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған. ( Аққу )

2. Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ - тоқ соғады. ( Толқылдақ )

3. Мысық құлақты,

бүркіт тұяқты. (үкі)

4. Көктемде ұшып келеді,

жаздай концерт береді. (бұлбұл)

Қорытынды бөлім.

«Құс досымыз, қорғаймыз біз,

Сүп - сүйкімді, сүйеміз торғайды біз.

Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен,

Қанатты туысқанды, қолдаймыз біз».

Шыр - шыр еткен торғайды,

Қорғамасқа болмайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Қазақ халқы ертеден аң - құстарды киелі санаған.

Сұлуды – аққуға, әншіні – бұлбұлға, ержігітті – қыранға, ез жігітті – жапалаққа

теңесе, қарға баласын «аппағым» дер деген сөз де бекер айтылмаған.

Просмотров: 1586


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст