"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Берекелі,мерекелі Алтын күз

19.03.2018

Бораншена Гульмира Галымовна

Ұялы бастауыш

мектебінің мұғалімі

 

Бастауыш

сыныптарға арналған « Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілік .

Мақсаты:

Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса

отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні

оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке,

ынтымақтастыққа баулу.

Ертеңгілікке

жауаптылар: Б.Г.Галымовна

Музыка :(сахна сыртында « күз» туралы өлең

оқылады.)

Алтын, алтын

сары алтын,

Алтын күзде

нұр жатыр.

Мектептегі

дәстүрлі .

Мерекеміз бұл

да бір.

Берекесін

сыйлауға ,

Өлкемізге күз

келді.

Күзгі балды

тойлауға ,

Шақырамыз

сіздерді.

Сахналақ

қойылым.

Сахнаның

шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады.

Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды.Кітап оқып, әрі , бері бері жүріп

үстелге отырады.

Ерасыл:

-Достым, Айнұр , мұғалім үйге күз тақырыбында

шығарма жазуға берген.-Көмектесші.



Айнұр:

-Ерасыл оған

қиналатын несі бар Күз айы –өте бір тамаша мезгіл.Күздің бізге берер сыйы да

мол. Өзің ойланып отырып жаз , содан кейін маған оқып бересің (Ерасыл ойланып

жаза бастайды.)

Дауыстап

оқып, отырып жазады.

Ерасыл:

Күз келді,күн

суыта бастады.Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне

о-рал-ды-ыыыы. –(деп ұйқыға кетеді.дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)

Би : «Көбелек

»

(Айнұр мен Ерасыл сахнаға

шығып аң - таң болады.Таңданып )

Айнұр:

-Біз қайда

келдік?

(Күз киімін

киген қыз бала келеді.)

Күз(Гүлнұр):

-Мен күзбін .

Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп. Бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде

болмашыға өкпелеп , көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің

жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

-Менің айларым

-еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандар еңбек

жемісіне келетін береке айы , берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да

мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.

Ән:

«--------------------- »

Айнұр:

-Ерасыл күздің

ең керемет байлығын көрдің бе?

(Ерасыл таңырқай

.) -Ол не Айнұр?

Айнұр:

-Ол деген

егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға

толды. Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан қасиет, нан

-береке , нан-мереке емес пе !

Сахналық

көрініс:

Сахнада әр

түрлі жануарлар киіммен киінген аңдар алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап

жүргенін көрген Айнұр:

-Оу кірпі ,

сен не істеп жүрсің?

Кірпі: Сен

айналаңа қарашы, жемістер, көкөністер пісіп , жерге түсіп жатыр, соны жинап ,

қысқа дайындалып жатырмыз.

Ерасыл: -

Араларыңда аю жоқ қой?

Кірпі: -

Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр. Мен қазір күзгі көкөністер, жемістер

туралы жұмбақ жасырамын. Ал шешейік:

Дөп-дөңгелек

доптай,

Іші қызыл

шоқтай.

Дәмін татып

көрсең,

Одан дәмді

жоқтай. (қарбыз)

2.Тәтті,

Тәттінің іші

қатты,

Қатының іші

тәтті. (өрік)

3.Бұл недеген

көп киім,

Жетпіс қабат

көк киім.

Жаңбыр одан

өтпейді,

Қабат-қабат

тоны бар,

Түймелеуге

жетпейді.(орамжапырақ)

4.Үстіне

тігіп көк шатыр,

Астында қызыл

дәу жатыр.(қызылша)

Кірпі: -

Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!

Айнұр:

-Балалар,

келген қоңақтардың құрметіне өз өнерлерімізді көрсетейік.

Ерасыл:

-Жас

өнерпаздарымыздың орындауларында шағын концертімізді көруге шақырмыз.

1.Би

«Макарено» 3сынып

2.Ән «Жақсы

көрем» Р.Анеля

3. Тақпақтар

1 сынып

4. Би

«Қолшатыр»



Күн шығады : Ә.Аянат

Айнұр: - Біз,

тағы қандай таңғажайып жерге тап болдық. (Осы кезде жаңбыр мен жел , күн

сәулесін қуып жүреді )

Ерасыл: – Күн

сәулесі саған не болды? Сен неге жабырқаусың ?

Аянат:-

Күз мезгілінде тек жеміс жидектер ғана пісіп қоймайды , табиғатта да өзгерістер

болады. Желмен найзағай егер бізбен ойнамасаң селкілдеп тұрып,жаңбырлатамыз

-деп менің соңымнан қуып болмайды.

Айнұр:

Балалар ондай болса күнге көмек көрсетейік.

Ерасыл: Ойынсыз

мереке бола ма?. Мен сіздерді «----» ойынын ойнауға шақырамын.

Айнұр: Балалар,біз

Анеля ортаға шақырайық күнге арнап ән айтсын.

Ерасыл:

Қошаметпен қарсы алыңызда Рамазан Анеляның орындауында «--------» әні.

Айнұр:

Ерасыл , сен

не, ұйықтап қалғансың ба? Сенің шығарма жазғаның қайда?

Ерасыл:

-Айнұр, мен

күздің кереметін енді түсіндім.

-Күзді береке

дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер ,егін пісіп , мал семіреді.

Күзді-байлық

дейміз. Өйткені піскен егін , жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық

болады.

-Күзді мереке

дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады , мерекелейді.

-Енді мен

шығармадан «5» алатын болдым.

( Сахна

сыртынан оқылады.) Музыка

Алтын күз сіз

бен бізге шуақ шашсын.

Көңілдің

серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен

шаттық бірге қатар қонып,

Береке

бірлікпенен ортақтассын.

Ән :

«күз жомарт» барлық сыныптар

Просмотров: 771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст