"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттарым-асыл қазынам

09.10.2023

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді:                        ДТІЖО       

                                         

Мектеп: 

 

Мұғалімнің есімі:

 

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

Қарттарым аман жүрсінші

Күні: 

Сынып: 

Оқушы саны: 

Сабақтың  мақсаты 

 

 

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер 

Сур

еттер,нақыл сөздер,мақалдар,өлеңдер,бейнематериал «Өлең сөздің патшасы»

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды қарияларды сыйлауға ,құрметтеуге үйрету.

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы

2мин

Ұйымдастыру кезеңі

.

-Ата,апа деп кімдерді айтамыз?

- Өз ата-әжеңді сипатта...

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы

20 мин

     Қарттарым аман жүрсінші

  Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.

ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.

Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.

Сондықтан ата-әжелеріміз аман болсын.Арамызда бас ие,басшы,ақылшы болып жүре берсін.

 

Сынып белсенділерінің

апталық есебі

10мин

Сынып белсенділерінің апталық есебімен танысу.Жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді,оқушылардың кітап,дәптерлері,күнделік тің толтырылуын тексерудің қорытындысы

есеп

Ата-ана кеңесі     немесеқұқықтық оқыту

3мин

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болар өзі де,

Үлкен болған кезінде деп үлкен ата-әжелеріміз біздің қазынамыз.Оларды құрметтеп,ақылын тыңдап өскен адам бақытты болады.

кеңес

Сабақтың аяқталуы

ҚорытындыҚауіпсіздік ережесі

5мин

Оқушыларға  қауіпсіздік ережесін үйрету:

1. Жерде үзіліп жатқан сымға жолама!Ол өте қауіпті.Таяқпен,затпен түртпе.Ток бәрінен денеге өтіп кете береді.
2. Үйде токпен жұмыс жасайтын үтік,шәугім т/б заттарды пайдаланба!Өйткені сен пайдалану ережесін білмейсің және өміріңе қауіп төнеді.Электр токтарын ашық қалдырмау керек.Оларды жауып тұратын арнайы қаптағышын қою керек.Кішкентай балалар үшін өте қауіпті!
3. Жолда ашық қалған транспорматорлардың қасында ойнама!Бұл өте қауіпті.Онда өте күшті электр қуаты бар.

 

ереже

Просмотров: 2652


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст