"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын күз»

05.01.2020

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты:Жасұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға , табиғатты сүюге ,сақтауға үйрету.Оқушылардың әртістік,қабілетін,өзгешеліктерін,дамыту,инабатты

иманды ,іскер мәдениетті ,жеке тұлғаны қалыптастыру .Ұқыптылыққа шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне , талғампаздыққа ,таза әдемі болуға тәрбиелеу.

Жүргізуші

Құрметті ұстаздар,ата- аналар ,оқушылар!

Бүгін бастуыш 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған

«Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.

-Уа халайық,халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық –деп кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер

Енді рұхсат етсеңіздер «Күз кереметі» атты кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтсек.

1.Таныстыру /Әр топ өздерін таныстырады/

2.Көрніс

3.Викторина сұрақтары

4.Сән әлемі /бір оқушы/

5.Би сайысы

6.Аппликация /топпен жұмыс/

Жүргізуші:

Ендеше сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін- өзі таныстыруы кезек берсек.

Жүргізуші:

Алтын сары ,қызыл көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жыпырлап-деп ортаға « Жапырақтар» тобын шақырамыз

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен

Риза етті халқын қыз- деп ортаға «Бұрыш» тобын шақырсақ

Жүргізуші:

Қыры толы егіске,

Бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелтті -деп келесі сайыскеріміз «Алма» тобы шақырамыз

Жүргізуші:

Жайдары күз ,жарқын күз

Аяулы күз алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр- деп ортаға «Қызанақ» тобын шақырамыз

Әділқазы алқалары әділ бағасын бере отырсаңыздар.

Жүргізуші:

Бүгін мейрам бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой -деп келе әр топ көріністерін тамашаласақ.

Жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннанда өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде,Қуана бер күлімде- деп, Сұрақ- бізден жауап- сізден деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.Сайысымыздың шарты бойынша топтар бір сан таңдайды .Ал біз таңдаған санға арналған сұрақ қоямыз.

Жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр мәніменен,

Әр сұлу әсем болар, өз сәнімен.

Күз сәні өнерімен ортаға шығып,

Сән көрсетер сайыскерлер өз сәнімен,- деп сайыскерлерді «Күзгі сән»үлгісімен ортаға шақырамыз!

Жүргізуші:

Бишінің буындары , мың бұралған,

Аяғының ұшымен жорғалаған

Алдындағы биігі би мұраты

Әсемдікке селт етпей кім тұра алған

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетіне

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде, келесі сайысымыз «Би сайысы»

Қол соғып қарсы алыңыздар!

Құрметті әділқазылар бағалап кетсеңіздер\Әр топты атап шығу

Жүргізуші:

Еңбек деген -байлық бар ,

Ерінбеген алатын.

Жадырап жан сарайын,

Демалып бір қалатын.

Жүргізуші:

Бәйге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанарма?

Білім мен өнер жұптаспай

Тәлім тәрбие аларма,?- дей келе «Аппликация»кезек берсек, яғни қолөнер

Сіздер алдарыңыздағы заттардан көркем бір дүние жасауларыңыз қажет.

Топтарымыздың жұмыстары дайын болғанша Тамаша бір ән тыңдасақ.Ендеше қарсы алыңыздар ортаға 7сынып оқушысы Елубаева Диана орындауында «Алға,Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

Әділ қазылардың шешімі дайын болғанша бір ойын ойнасақ « Қандай дәм» деп аталады көздеріңді байлап бір жемісті жеп ненің дәмі екенін табу

Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата- аналар осымен біздің «Алтын күз» мерекесіне арналған сайысымыз мәресіне жетті, тамашалағандарыңызға рахмет.Амандықта жүздескенше сау болыңыздар.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст