"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-қыркүйек-Білім күні

05.01.2020

І.Ұйымдастыру: Оқушыларды сабаққа даярлау.

Психологиялық дайындық:Қазір мен сендерге үш түрлі шар үлестіремін. Оны үрлеп түс-түстеріңмен орындарыңа отыра қаласыңдар.Оқушыларды үш топқа бөліп,оларға ат қою. 

Мектеп тобы Қызыл. 

Қыркүйек тобы Сары.

 Қоңырау тобы  Көк.

  Топтар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

·  Аспандарың ашық болсын.

·  Сабақты жақсы оқыңдар.

·  Тәртіпті болыңдар.

·  Оқуда озат болыңдар.

·  Жаңа оқу жылы құтты болсын

ІІ.Ой қозғау.

·  Қазір қандай жыл мезгілі?

·  Күз.

·  Ол қандай ай?

·  Қыркүйек.

·  Қыркүйек айының 1-і күні қандай мейрам?

·  Білім күні.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Ия, балалар 1-қыркүйек білім күні өздерің сияқты бүкіл ауыл, қала балалары мектепке келіп жатыр. Мектепке келген балалар жастарына жас, ойларына ой, саналарына сана, ақылдарына ақыл және бір сыныпқа жоғарылап келіп отыр. Білім күні еліміздегі барлық мектептердің есігі айқара ашылады. Жаз бойы демалған балалар мектепке қайта оралады. Сыныптас достарымен қауышады. Бұл күні үлкен-кішілердің бәрі қуанышқа бөленеді. Шәкірттер ұстаздарымен, сыныптастарымен кездеседі. Бүлдіршіндер гүл құшақтап келіп, мұғалімдерін көріп қуанады. Осы қуаныштар жүректеріне нұр құйып жігерлендіреді. Сөйтіп білім үйренудің жаңа жолы басталады.

·  Мына өлеңді оқып жіберейікші:Кел,балалар, оқылық

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

·  Бұл кімнің өлеңі?

·  Ыбырай АлтынсаринОсындай бізге өсиет айтқан Ы.Алтынсариннің биыл туғанына 150 жыл толып отыр.







Ыбырай атамыздың өсиетінен орындап, әрқашанда ықыласпен оқып, көңілімізге тоқып отырайық.

1 тапсырма «Тапқырболсаң шешіп көр»

І топСағат сайын қағыладыТек мектептен табылады.Ол не? (Қоңырау)

ІІ топ Күз айының бірінші айы? (Қыркүйек)

ІІІ топ Бірінші қыркүйек сен өайда келдің? (Мектепке)2 тапсырма «Сөз ойла, тез ойла»Үш топқа үш сөзден беріледі. Бір сөзден бірнеше сөз жазып шығарады.Қыркүйек-қыр, үй, ек, күйек, күре, үйрек, күй.

Мектеп-ек,тек, кеп, теп, кеме, кет.Қоңырау-оң, аң, ау, қора, ора, қоңыр, ауыр, қырау, қар, құр.

ІІІ.Сергіту сәтіСыныпта тек қана ұлдар (қыздар отырады)Сыныпта тек қана қыздар (ұлдар отырады)Сыныпта оқушылар түгел (барлық оқушылар тұрады)

Үйге тапсырма: «Қыркүйек қоңырауы» өлеңін жаттау.«Алғашқы қоңырау»

Просмотров: 303


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст