"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл

10.10.2022 Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл. Мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту Тәрбие сағатының өту барысы: Жүргізуші: -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар. -Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген? Ахмет Байтұрсынұлы 1-оқушы: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толған мерейлі жыл. 2-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. 3-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. 4-оқушы: Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 5-оқушы: 1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 6-оқушы: 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды. Оқушы: Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса, Сап- сары аяқтары ұзын маса, Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? Оқушы: Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi. Ол «Замандастарыма» деген кiрiспесiнде «Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын, Әзiрге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа- сабыр, Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дейдi. «Қасқыр мен қозы» мысалынан көрініс Автор: Бұлаққа су iшуге келдi Қозы, Жанында серiгi жоқ, жалғыз өзi. «Бәрi жоқ, десең шығар, бөрiк астынан», Пәле мен қаза алыс па келсе кезi. Қаңғырған тамақ iздеп бiр аш бөрi Қозыға жетiп келдi жайнап көзi. Жемекке кiнә қойып сол арада, Жала ғып, мiне, Қасқыр айтқан сөзi: Қасқыр: «Сен, Қозы, текке қарап жүре алмайсың, Соқтықпа маған десем, тiл алмайсың. Мойныңды қазiр жұлып алайын ба, Суымды неге былғап, лайлайсың» Қозы: «Қасқыр, тақсыр, тоқта азырақ Тергеңiз кiнәм болса ғадiл бiрақ. Iзiңiз жатқан жерден төмен келiп, Iштiм мен жүз қадамдай қашығырақ. Бұл жерден ең аз болса бiр жүз қадам, Мүмкiн бе лайлауға осы арадан Сiз түгiл, өзгеге жоқ қиянатым, Не шара жеткен болса бүгiн қазам» Қасқыр: Бекер ме, менiң сөзiм Бiлесiң жалғаншы деп кiмдi өзiң Әкеңдi алдыңдағы танимысың Балам, сен байқап қара, ашып көзiң Осындай сөздер менi күйдiредi, Десем де шыдайын-ақ етiп төзiм. Есiмнен өле-өлгенше кете қалмас Былтырғы осы арада сөккен сөзiң. Қозы: «Кезек бер бiразырақ сөзге, тақсыр Келемiн жарты жасқа күзге, тақсыр Жаралып дүниеге биыл келсем, Тиемiн былтыр неғып, сiрә, тақсыр» Қасқыр: «Ол енше сен болмасаң, сенiң ағаң, Ойларың менi жоймақ, келсе шамаң. Ит болсын, қойшың болсын, қожаң болсын, Жауыздық ойлайсыңдар бәрiң маған» Қозы: «Нансаңыз ағам да жоқ, iнiм де жоқ, Уа, қайыры нашарлықтан мiнiм де жоқ. Нақақтан менi тақсыр күйдiресiз, Жауыздық сiзге ойлаған күнiм де жоқ». Қасқыр: «Ол саған әлде күйеу, әлде құда, Сүймейдi қой атаулы менi жүдә.. Иә бөлең, иә жиенiң, иә нағашың, Әйтеуiр, саған ұқсас едi о да. Қой заты талай жәбiр бердi маған, Соларын мен де iстеймiн ендi саған. Кегiмдi қойдан алмай кiмнен алам Тауыспа о деп, бұ деп сөздi оған». Қозы: «Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң, Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң» Қасқыр: «Үндеме! Жетер! Қазiр мұрсатым жоқ Тұруға ақ-қараңды тергеп сенiң. Алыпсың жаман әдет қарсыласып, Сенiмен тұрам ба мен мылжыңдасып. Айтайын, бiлгiң келсе, Қозым, саған, Кiнәң сол- жегiм кеп тұр қарным ашып». Автор: «Шошиды Қозы байғұс құлқын танып, Құтылар бiлгенменен онан нағып Болсын ба Қозы жұмыс Қасекеңе,- Жөнелдi иығына салып алып. Орманға Қасқыр кеттi Қозыны алып, Белгiлi етер iсi алып барып. Осындай жазықсызды жазғыратын Әр жерде күштiлер де бар ғой қалып. Қасқырдың зорлық болды еткен iсi, Ойлаймын – оны мақтар шықпас кiсi. Нашарды талай адам талап жеп жүр, Оқушы: 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды. Жүргізуші: Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатын осымен аяқтайық.
Просмотров: 112


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст