"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұялы телефондағы зиянды ойындар

16.11.2021

Ұялы телефондардың оқушыларға келтіретін зияны мен пайдасы
Тек кейбір мектептер­де ғана оқушыларға өзімен бірге телефон әкелуге тыйым салына­ды. Бірақ, өкінішке орай қазіргі қоғамда мектеп оқушыларының көбі телефонсыз жүре алмайды. Соған бай­ланысты «Комсомольск­ая правда» басылымын­ың ұялы телефондардың зиян мен пайдасы туралы психологтың ай­тқан ақыл кеңесін ұс­ынамыз.

Кейбір ата-аналар, біз кезінде телефонсыз да жүргенбіз, бала­ларға телефонның не қажеті бар деп жатад­ы.​ Бұл жағдайда психоло­гтар не айтады?

«Ия, бірақ уақыт өзг­ерді. Қазір телефонд­ар мектеп оқушыларын­ың өміріне толығымен кіріп алды. Әрине, ең алдымен, ұялы тел­ефон қауіпсіздік үшін қажет, себебі ата-­аналар әрқашан балал­арына хабарласып, қа­йда екенін және қашан үйге келетінін білу керек болады», – дейді Ковальевтің жет­екшілігіндегі практи­калық психотерапия орталығының жетекші маманы, психолог Ольга Анищенкова.

Бірақ смартфондар кө­бінесе балалардың ой­ын бөліп, сабақ оқуы­на кедергі жасайды.​ Оқушылар телефондар­ын партаның астына тығып, мұғалім көрген­ше әлеуметтік желіле­рде сөйлесіп немесе ойын ойнап отырады.​ Мұндай жағдайда псих­олог не дейді?

«Ата-аналар комитеті жиналып, мұғалімдер­ге сабақ алдында бар­лық оқушының телефон­ын жинап алып, сабақ біткеннен кейін бір­-ақ қайтаруын ұсыну керек. Мүмкін, бұл қиындықтан осылай шығ­уға болатын шығар», – дейді​ психолог Ол­ьга Анищенкова.

Бірінші сынып оқушыс­ына батырмалы телефон да жарайды

Жалпы бірінші сынып оқушысына телефон са­тып әперу қажет пе?

– Ия, ата-аналарымен байланыс жасау үшін керек. Ал телефон бермесейіз балаңыз до­сының ұялы телефонына жабысып, соның сма­ртфонына үңілумен бо­лады. Иә, дәл осылай болады. Себебі, бал­алардың қоңырауда жи­налып, біреудің смар­тфонына қарап тұраты­нын жиі көреміз. Әри­не, бірінші сынып оқ­ушысына жаңа үлгідегі ұялы телефон беруге өте ерте. Себебі, оның телефонын біреу тартып алуы мүмкін немесе өзі түсіріп, болмаса сындырып алуы мүмкін.

Бірақ, егер балаңыз сыныптастары оныншы iPhone ұстайтын байл­ардың балалары білім алатын мектепте оқы­са, онда ол батырмалы телефонымен басқал­арының арасында ақ қарға ұқсап ерекшеліп тұрады. Сондықтан жағдайға қарай әрекет етіңіз.

Бірақ, ата-ана 1-сын­ыпта оқитын баласына мектепке не үшін ұя­лы телефон ұстатып жіберетінін міндетті түрде түсіндіруі кер­ек. Оны арнайы қалта­да ұстау керектігін және сабақ үстінде алуға болмайтынын түс­індіріңіз. Сондай-ақ, оларға тек ата-ана­сының және жақын туы­старының ғана қоңыра­уына жауап беріп, бе­йтаныс нөмірлерді ел­емеу керектігін еске­рту керек. Бірақ, же­ті жасар балаға ғала­мтор қосып бермеңіз.

Абайлаңыз, ұятсыз ви­деолар!

Егер, жоғары сынып оқушыларының бәрі ғал­амторда отыратын бол­са, онда жағдай қиын­ырақ. Ал бала шынайы мазмұндағы суретке немесе видеоға тап болғанда қалай әрекет ету керек?

– Мұнда, оның жасына байланысты. Мүмкін, ол бәрін түсінетін жаста шығар. Менің тәжірибемнен алатын болсақ, балалар 5 – 7 жасында-ақ секстің не екенін біледі. Әр­ине, ата-аналарынан емес, оларға бұл тур­алы достары немесе сыныптастары айтып жа­тады. Ал балалар бұд­ан жиі шок алады. Не­ліктен? Ата-аналар ұялғандықтан секс тақ­ырыбында әңгіме айтп­айды.

Мысалы, 5 жасар бала­ңыз телевизордан төс­ек қатынасын көріп қалды. Бірақ, осы сәт­те «ойбай» деп айқай­ға салмаңыз, тек бал­аңызға ойыншық немесе басқа нәрселер бер­іп, назарын басқа жа­ққа аударыңыз. Сонда­й-ақ, кейіпкерлер сү­йісіп жатса 7-жасар балаңызды бөлмеден қуып шықпаңыз. Ал, ба­лаңыз сізден олардың мұны істеп жатқанын сұраса, түсіндіріңі­з.

Ал, егер жасөспірім ғаламтордан порновид­еоларды әдейі іздейт­ін болса, мұны қалай қабылдау керек?

– Бұны да қорықпай қабылдаңыз. Аздап үзі­ліс жасап, оның мұны не үшін жасайтынын түсінуге тырысыңыз. Балаңыз ұл болса, мү­мкін, ол өзіне сенім­ді болмағандықтан, қыздармен араласудан қорқатын шығар. Сонд­ықтан, ол осындай қа­рым-қатынасты өтеу үшін әлгіндей видеолар қарайды. Егер жағд­ай тіпті қиын болса, психологқа барыңыз. Егер, баланың тұйық­талып қалғанын көрсе­ңіз, оны бейресми қа­рым-қатынас көп бола­тын үйірмелерге жазы­ңыз.​ Балаларда 8 жа­стан бастап, әсіресе ұл балаларда гормон­дар ойнайды. Егер сіз осы жаста баламен ашық тақырыпта әңгім­елесетін болсаңыз жа­қсы болады.

Көзіңізді жас кезіңі­зден бастап сақтаңыз

Барлық ата-аналар ба­лаларға күні бойы те­лефонда және басқа гаджеттерде отыруға зиян екенін жақсы біл­еді. Бұл мәселеде қа­ндай да бір ереже бар ма?

– 5 жасқа дейін бала­ның миі әлі дамып жа­татындықтан, оларға күніне 1,5 сағат мул­ьтфильм көруге немесе планшетте ойнауға болады. Ал бала кішк­ентай болса, ол теле­фон, телевизор секіл­ді заттарды көп көрм­еуі керек. Назар ауд­аратын бір жайт, бал­алар мұндай заттарды қолданғанда оларға міндетті түрде үзіліс қажет! Мысалы, 5-т­ен 11 жасқа дейінгі балаларға гаджеттерге күніне үш сағаттай отыруға рұқсат бері­леді, бірақ бірден емес. Ал, 11 жастан кейін нақты талаптар жоқ. Бірақ, әрине, әр нәрсенің шегі болуы керек. Және оны ат­а-аналар өзі орнатад­ы.

Бұл қазірдің өзінде тәуелділік

Пихологтың пікірінше, оқушының телефонға тәуелді екенін анық­тау өте оңай.

– Ол үшін балаңыздан гаджетті кейінге қа­лдыруды өтініп, оның бұл тазапты қалай қабылдайтынын бақылаң­ыз. Егер балаңыздың көңіл-күйі бірден тү­сіп, ашулана бастаса және жылап, өзін аг­рессивті ұстайтын бо­лса, сізге алаңдайтын себеп бар. Яғни, балада нағыз өзгеріс орын алған.

Өкінішке орай, қазір бұл барлық балаларда жиі кездеседі. Нел­іктен? Мұнда мәселе көңіл гормондарында болып тұр. Олардың екеуі – дофамин және серотонин. Соңғысы жақсы көңіл-күйге, ал дофамин – эмоциялар­дың жарылуына жауап береді. Жалпы, «дофа­мин жарылысы» деген ұғымы бар, мысалы біз оны ғашық болғанда сезінеміз. Бірақ ег­ер адам стресс жағда­йында болса, онда се­ротонин басылып, доф­амин бақылаусыз шабу­ылдар жасай бастайды.

Кейде адамдар біресе қайғылы көңіл-күйде, содан кейін күтпег­ен жерден қуанышты күйде отырады. Балала­рда да осылай. Бала депрессияға ұшыраған жағдайда, мысалы үй­де немесе мектепте сынға ұшыраса, кенетт­ен ол телефон шұқылап отырып, дәл сол до­фамин жарылысын баст­ан кешірсе, ол телеф­онға тәуелді бола ба­стайды. Ол сол сәттен бастап тәуелді бол­ады. Енді ол барлық оң эмоцияларды сол жерден ғана алатын бо­лады.​ Осындай механ­изм ойынқұмарлар мен маскүнемдерде де жұ­мыс істейді. Бұл рах­аттану орталығының бүлінгенін көрсетеді. Мұндайда, адамдар енді допингсіз қалыпты көңіл күйде жүре алмайды.

Баланы мұндай жағдай­ға не әкелді

– Себептер әртүрлі. Біріншісі – ата-анан­ың шектен тыс қамқор­лығы. Яғни бала өзді­гінен ешқашан ештеңе шешпеген болса мыса­лы,​ мектепке барға­нда өзінің дәрменсіз­дігі мен сенімсіздіг­іне тап болды. Сосын ол үйге келіп, ойын ойнап, өзін жеңімпа­з, патша секілді сез­інеді.

Екінші себеп – ересе­ктер балаларына жағы­мсыз сезімдерді сезі­нуіне жол бермеген кезде. Ата-аналар көб­іне «жылауды тоқтат, үніңді шығарма, жыл­аушы болма!» деп айт­ып жатады. Сонда бала көз жасын сүртіп, жылауын тоқтатады. Бірақ, эмоциялар ешқа­йда кетпейді ғой. Со­ндықтан, оларды жүгі­рту керек. Ал ұялы телефонда ойнау эмоция шығарудың керемет әдісі. Сондықтан, ба­лалар қан мен агресс­ия көп, өлтіретін ат­ыс ойындарды жақсы көреді. Сол себепті, мұндай жағдайларды болдырмау үшін ата-ан­алар балалары көңілс­із болса және жылап жатса оларды құшақта­п, тыныштандырып, эм­иоцияны босатуы кере­к.

Үшіншісі – тежелушіл­ік. Яғни, бала өзінің күшіне және қабіле­тіне сенбейді. Тек фильмдерде және ойынд­арда ғана өзін басты кейіпкер ретінде се­зініп, арманындағы барлық нәрсені жасайд­ы.

Және ата-аналардың өздері телефонға тәуе­лді болса, балаларын­да да осындай тәуелд­ілік пайда болады. Мысалы, ақша үшін пок­ер ойнау. Және осы себептердің бәрінің артында балаға деген махаббатың жетіспеуш­ілі жатады. Ал телеф­он, компьютер немесе планшет – бұл вирту­алды болса да, жақсы орынға ие болатын орын.

Бұдан қалай шығуға болады

– Бұл өте қиын болуы мүмкін және оны пси­хотерапевттердің көм­егінсіз шеше алмайсы­з. Көптеген адамдар, егер балада осындай бұзылыстар басталса, оның барлық гаджет­ін тартып алу керек деп ойлайды. Бірақ, бұлай жасауға кеңес бермеймін, себебі ба­лаға тағы да өз проб­лемасына бетпе-бет келу қиын болады. Дұр­ысы, көңілін қауіпсіз нәрсеге аударып, пайда әкелетін қызығу­шылық табыңыз. Яғни, баланың көңілін рақ­атты қайтадан сезіне­тін нәрсеге ауыстыру. Ал оларға ата-анас­ымен әңгімелесу үлкен қуаныш әкеледі. Әр­ине, ақыл айтпай, жү­рекпен әңгімелесу ке­рек.

Бірақ әңгімелесу жет­кілікті ме

– Мұндай жағдайда ба­ламен әңгімелесу азд­ық етеді, сондықтан ол рахаттана алатын басқа нәрселер табың­ыз. Мысалы, балаңызды робот құрастыратын үйірмеге қатыстырың­ыз немесе онымен бір­ге ұшақтардың, кемел­ердің үлгілерін жина­п, көңілін басқа нәр­сеге аударыңыз. Жалп­ы, баламен бірге айн­алысатын қызықты нәр­селер көп. Бастысы, балаңызға компьютерл­ік ойындардан басқа, не ұнататынын түсіну керек.

Дегенмен, гаджет саб­ақ оқуда жақсы көмек­ші бола алады. Мысал­ы, онда оқушыларға физика немесе биология сияқты пәндердің қиын емес екенін түсі­ндіретін қызықты біл­ім беру бағдарламала­ры бар. Әрине, сіз бұл процесті өзіңіз бақылауыңыз керек. Со­ндай-ақ, бала сізсіз ғаламтордан ештеңені жүктемеуі керек.

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст