"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тазалық сақтай білейік

11.11.2021

Тақырыбы : Тазалық сақтай білейік

Мақсаты: Оқушылардың тазалық,саулық туралы ұғымдарын кеңейту,таза-

 

лықтың пайдасын ұқтыру.

 

Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу.Жинақылыққа,ұқыптылыққа баулу.

 

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер: «Тазалық-денсаулық кепілі»,” «Шынықсаң шымыр боларсың».

 

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

 

Кіріспе.Бүгінгі сабағымыз тазалық тақырыбына арналады.Сонымен, «Таза-

 

лықты сүйеміз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Тазалық,ұқыптылық туралы білетінімізді ортаға салып айтамыз.

 

Тазалық туралы айтқанда,ойымызға не келеді? «Тазалық»

 

сөзін топтастыру.

 

Бүгін біз «Кірқоймас» кітапшасымен танысамыз.

 

Есік қағылып, Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.

 

 

Тазаланып тұру керек

 

Ерте мен кеш жас бала.

 

Кір-кір болу елден ерек,

 

Мүлдем ұят,масқара!

 

Мынау менің көмекшілерім.Аттарын атаңдаршы.(сабын,тарақ,орамал)Осы заттар сендерде бар ма? Менің тағы қандай көмекшілерім бар екенін білесің-

 

дер ме?

 

Көмекшілерімнің дайындаған жұмбақтары бар екен,соны шешейік:

 

Бұдан кір қорқады,

 

Судан бұл қорқады. (Сабын)

 

 

 

Дәмі де жоқ,түсі жоқ,

 

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

 

 

 

Жуынып болғаныңда,

 

Жүреді қолдарыңда. (Орамал)

 

 

 

Қалтамда жатыр,тісі бар,

 

Тістемей-ақ істер ісі бар. (Тарақ)

 

 

 

Түйістіреді көзіңді көзіңе,

 

Жолықтырады өзіңді-өзіңе. (Айна)

 

Осы айтылған заттар не үшін керек?

 

- Сабын денеміздің кірін кетіріп,таза болу үшін керек.

 

- Су жуынып,аппақ,тап-таза болып жүру үшін керек.

 

- Орамал денемізді құрғату үшін керек.

 

- Тарақ шашымызды тарау үшін керек.

 

- Айна киіміңді,шашыңды ретке келтіру үшін керек.

 

Ал енді тазалықтың қастарын айтайық:

 

Бұл баланы кім дейді?

 

 

Бәтеңкесін,пальтосын

 

Өзі кие білмейді,

 

Бұл баланы кім дейді? (Жалқау)

 

 

Көзінен жас кетпейді,

 

Балалардан шеттейді,

 

Бұл баланы кім дейді? (Жылауық)

 

 

Айтқанға ол көнбейді,

 

Қонаққа маза бермейді,

 

Бұл баланы кім дейді? (Тентек)

 

 

Шықпай жатып көшеге,

 

Үсті-басы кірлейді,

 

Бұл баланы кім дейді? (Салақ)

 

Көрініс: «Аппақ бала» Ә.Табылдиев

 

- Асан қандай бала еді?

 

- Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?

 

- Асан анасына не деді?

 

- Өзін неден көрді?

 

- Асанды қалай атады?

 

 

 

Осы тұста сыныпқа ұқыпсыз,салақ,үсті-басы кір бала кіреді.

 

Ха-ха-ха! Мынау келген кімдер? Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар?

 

Мен сендерді суға түспей кір болып жүруге,парта сызуға,құстарды атуға үйретемін.Қайсысың менімен дос боласыңдар?

 

(Оқушылар сөзі)

 

Жарайды,күштеріңді сынайын,кім менімен күш сынасып көреді?

 

Ой-ой ,Қолымды ауырттың ғой...

 

 

Ой,оңбаған,кір-кір неме

 

Көрінбе,әрі,көзіме,

 

Тап қазанның түп күйесі,

 

Қарашы өзің-өзіңе:

 

Мойның мынау,толған батпақ,

 

Бұл не деген масқара!

 

Мұрның асты сатпақ-сатпақ,

 

Қолың көсеу, қап-қара!

 

Мұғалім:

 

Бұл бала туралы не айтамыз?

 

Салақ,сатпақ,кір-қожалақ, т.б.

 

Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?

 

 

1.Анау бала,

 

Бетін қара.

 

Кір-қожалақ,қап-қара.

 

Тырнағы өскен,

 

Шашы көптен

 

Алынбапты-ау масқара!

 

 

2.Оның аты-Сабалақ,

 

Әдеті бар жаман-ақ,

 

Киімі кір-қожалақ,

 

Көрген емес тазалап.

 

Сергіту сәті.

 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі келеді.(Қаржауова И.)

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күнде ертеңгілік жаттығу жасайсыңдар ма?

 

Жасаймыз.

 

Жаттығу жасап,денелеріңді таза ұстап,спортпен айналыссаңдар, денсау-

 

лықтарың мықты болып өсесіңдер.Қане,жаттығу жасайық.

 

Ән: «Спорт-біздің досымыз»

 

Тазалық- денсаулық кепілі.

 

 

Бірінші талап- дененің күтімі,яғни,теріні дұрыс күту.

 

Дос бол сабын,сумен сен,

 

Жиі-жиі жуын сен.

 

Таңертең де,кешке де,

 

Жуын күндіз,түсте де.

 

Жуын тамақ алдында,

 

Жуын тамақ соңында.

 

Жуын ұйықтар кезіңде,

 

Жуын тұрған мезгілде.

 

 

 

Екінші талап- шаш күтімі.

 

Шашты апта сайын жылы сумен жусақ «Балалар» сабынымен немесе шам

 

пунмен жуу керек.Құрғақ шаштарды ,бастың терісі құрғақ және қайызғақ-

 

талса жұмыртқаның сары уызымен жуу керек.Шашты қарапайым жеке та-

 

рақтармен немесе щетка тарақтармен тараған дұрыс.

 

 

 

Үшінші талап- тырнақтар күтімі.

 

Аяқ-қол тырнақтарын өсірмей алып отыру керек. Өскен тырнақ арасына ау

 

ру тудырушы микробтар ,ішек құрттары жабысқақ келеді.Ұзын тырнақтар әдемі көрінбейді және ол адамның тазалық күйінің төмен екенін көрсетеді.

 

 

Төртінші талап- ауыз күтімі.

 

Тісіңді екі рет таңертең және кешке тазарт.

 

Тамақтан кейін аузыңды шай.

 

Тіс болмаса,асты қалай шайнайсың,

 

Тісті күніне екі рет

 

Тазартуды ойларсың.

 

Әдет қыл бұл ісіңді:

 

Тазалап жүр тісіңді.

 

Кішкене де ыңғайлы,

 

Тіс щеткасын пайдалан.

 

Тазалауға болмайды,

 

Щеткасымен басқа адам.

 

Ән: «Бұл не?»

 

Жұмбақтар шешу.

 

Асқар тауда қалың орман,

 

Кейде оны шөптей орам. (Шаш)

 

Оң жағымда бес сарбаз,

 

Сол жағымда бес сарбаз. (10 саусақ)

 

Қимылдаса қос шебер,

 

Қыруар-қыруар іс өнер. (2 қол)

 

Үй ішінде отыз екі батыр,

 

Кіргендерді отап жатыр.(тіс)

 

Таудың екі жағынан

 

Екі қалқан жабысқан.

 

Жақын барсаң маңына,

 

Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)

 

 

 

Мұғалім: Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар.Таза жүретін баланы қалай атайды?

 

Ұқыпты,мәдениетті,ақылды т.б

 

Тазалық туралы қандай өлеңдер білеміз?

 

1-оқушы:

 

Мен халатты киемін,

 

Аппақ болып жүремін

 

Аппақ болып жүргенді

 

Өзім жақсы көремін.

 

Шаң-ласпен достаспайтын,

 

Тазалықпен қоштаспайтын,

 

Аппақ балалар сөйлесін.

 

2-оқушы:

 

Су пайдалы адамға,

 

Шынығамын күнде мен.

 

Тоңбаймын аяз,боранда,

 

Салқын суға үйренген.

 

3-оқушы:

 

Сынып іші айнадай,

 

Шаң мен тозаң ұшпайды,

 

Үзілісте ойнаймыз,

 

Кіршіксіз қып ұстаймыз.

 

4-оқушы:

 

Сыпырғыш ап сыбанып,

 

Шаң тозаңды қудым кеп.

 

Шүберек ап,су алып,

 

Сырлы еденді жудым кеп.

 

5-оқушы:

 

Сыпыр,сыпыр,сыпырғы,

 

Тазарсын аула ауасы.

 

Таза ауа мен таза аула

 

Тазалықтың дауасы.

 

Би: «Апам үшін»

 

Ойын: «Жалғасын тап».(Мақал-мәтелдерді жалғастыру)

 

1.....қара,шашыңды тара.(айнаға)

 

2.........- денсаулық кепілі.(тазалық)

 

3.Ішің ауырса,аузыңды тый,

 

Көзің ауырса,.... тый.(қолыңды)

 

4.Денсаулық.... байлық (зор).

 

5.Шынықсаң.... боларсың (шымыр).

 

Мектеп медбикесімен «Тазалық- денсаулық кепілі» тақырыбында

 

әңгімелесу.

 

Балалардың тазалығы туралы не айтасыздар?

 

Кірқоймас:Міне,балалар,біз сендермен жете таныстық,барлығың да бізге ұнадыңдар.Көпшілігің таза,ұқыпты жүреді екенсіңдер.Сондықтан да мен сен-дерді біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын. Бірақ мен әрдайым келіп,

 

тазалықтарыңды бақылап жүрем.Егер араларыңнан кір салақ жүретін оқушы шыға қалса,маған бірден хабарлайтын боласыңдар.Мен ондай баламен сөйле-

 

семін,егер ол себепсіз кір,қожалақ жүрген болса,онда оны тазалық қоғамының

 

мүшелігінен шығарамыз.Осыған келісеміз бе,балалар?

 

Келісеміз.

 

Ал сау болыңдар.(көмекшілерімен кетеді)

 

М: Балалар,Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза болып,тазалық қо-

 

ғамына мүшелікке алды.Олай болса,біз сендермен күнделікті жуынып,киім- кешегімізді әрдайым таза ұстасақ,онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамы-

 

ның мүшесі бола береді.Таза жүріп,денелеріңді шынықтырып,болашаққа ден-

 

саулықпен бірге барайық.

 

Бәрі:

 

Тазалықты сүйеміз,

 

Таза болып жүреміз,

 

Біз баламыз шыныққан,

 

Денсаулығы мықты жан.

Просмотров: 202


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст