"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар мерекесі

28.06.2018


1 маусым-Балаларды қорғау күні!



Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту,

тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға,

адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,

слайд «Бала деген бір бақыт»

Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж


Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,

Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,

ата - аналар, балалар!


Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.


1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.

Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген

қонақтарымызбен таныстырып өтейін

.

Құттықтау сөз кезегі н мектебміздің ДОІЖО Қайрылбаев Ержігіт ағайға береміз.



Ән: «Қошақаным»

Сайқымазақтардың келуі

Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз

ешқандай мереке болмайды?

Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін

үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге

тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақта!

Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба? Қалдырамыз.


Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,

Көркейтер күніңді ертеңгі,

Үйренген өнерін көрсетсін

Бүлдіршін балалар белсенді.

Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.








Ерасыл:

Бала, бала, баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні – бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Амина:

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзді тыңдаймын

Апашымды сыйлаймын

Бахтияр:

Көжегім тұршы

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Айнұр:

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау, қозы, құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Емес олар ұрыншақ

Аянат:

Алма сыйлап бөбекке

Алма ағаштар сарғайған

Төгілген тер шелектеп

Көрінеді маңдайдан.


Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды

еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.


Ойын: «Кім жылдам» Шарты: Ата-аналар өз баласына бір әріптен еркелету айтып

бірінші жету керек.


Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,

Маусымның таңы атты

Тұра қойшы күнім – деп,

Анаң сені оятты –

Даналардың тілегі,

Балалардың тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Би:

Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз!

Гүлнұр

Балаларды қорғау күні біліп қой

Алақай-ау,алақай

Той тойлайық,балақай

Қызырғанша алақан

Кел,соғайық балақай.

Станислав: Басты

қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз.

Әлхам

Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы

өнер көрсеттіңдер,менің сендерге әкелген сыйлығым бар, міне қабыл алыңдар.Осы

ойыншықтармен шағын орталықта тату-тәтті бірге ойнасын деп,сендерге алып келдім!

Жүргізуші: Рахмет саған сайқымазақ! Осымен «1 маусым-Балаларды қорғау күні!»

атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст