"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жаным толы жақсылық"

22.02.2021

Тәрбие сағатының тақырырыбы:  Жаным толы жақсылық

 

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату,бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.Оқушыларды сыйластыққа,әдептілікке,шыншылдыққа,адалдыққа тәрбиелеу;

 

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңді-өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

“Мен қандаймын?” деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

“Мен қандаймын” деп ойла!

Құрметті ұстаздар 3 қазақ сыныбының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Жаным толы жақсылық» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.

Жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді. Олай болса,жақсылықтың басы дұрыс амандасудан басталады.Ендеше оқушылар келген қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық.

 

І. Сәлемдесу
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз,
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.

Армысың, шапағатты күніміз!Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, Табиғат анамыз!Әдеппен бас иер баламыз!

Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,Қош келдіңіздер тәрбиелік шараға!

II.Енді сіздерге «Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсыма? (күнді бейнелейді)
Жақсы!
Желдің соққаны жақсыма? (желді бейнелейді)
Жақсы!
Достарыңмен жүрген жақсыма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсыма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы!
Туған өлкеде жақсыма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы!
Үйіміз бар жерде жақсыма? (үйді бейнелейді)
Жақсы!
Биде айналған жақсыма? (айналады)
Жақсы!
Қазақстандық болған жақсыма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы!

III. -Балалар біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттер жөнінде әңгімелейміз.
- Балалар «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Жақсы адам – ол қандай адам?

Зікірия:  Бүгін қандай күн балалар?   

Анель:-Иә, бүгін жақсы сөз айту күні Зікірия. Ендеше бүгінгі күнді жақсы сөз айтумен айтумен  бастайық

Зікірияа:Жақсылық жасау дегеніміз - адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады.

Арсен:Дұрыс айтасың, Айдана жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау — биік адамгершіліктің белгісі.

Нұрдаулет:Адам бойындағы жақсы қасиеттер ол – үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан – жануарларды қамқор етіп ,туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Арсен:Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда жақсылық жасауды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз.

Аян: Дұрыс айтасың Жандос,жақсылық сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз.

Аян: Ғалымдардың айтуы бойынша, жақсылық жасау - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады,ол арқылы адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, жақсы сөз жүректен шығуы шарт.

Анель: Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін жақсылық жасауды ұмытпаңдар.

Зікірия :  Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар.

Мұғалім:Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған.Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам «деген.»Жақсы болуды халқымыз «мақал-мәтелдер арқылы дәріптеген.Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы, жақсы тілек айтқан дұрыс.Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екенін ұмытпайық балалар.

IY.Жақсылық туралы тағы мақал-мәтелдер тыңдайық.(Оқушыларды тыңдау)

1. Жақсы сөз – жан семіртер.

2. Жақсылық жан жадыратар.

3. Жақсылық суға батпас,

Бір шығар, тегін жатпас.

4.Жамандық пайда етпейді,

Жақсылық зая кетпейді.

5.«Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді халқымыз.

 

6.Жақсы сөз естісең,жанын жадырап сала береді.

 

7.Жақсы сөз ашу шақырмайды,жүрегінді жылатады,қуанышқа бөлейді.

 

8.Жылы сөз адамдарды достастырады , сабырлы болуға, денсаулық сақтауға септігін тигізеді.

Мұғалім:Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.

Өмір деген тұрмайды: Қап — қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Сондықтанда өмірде орныңды біл

Үйренсеңде жақсыны жас баладан

Хор:Өміріңе немқұрайлы қарама

Y.Мұғалім:Экранға назар аударайық.Сіздердің назарларыңызға «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді» деген тақырыптағы бейнефильмді ұсынамын.(ролик көрету)

 

-Ал,енді балалар осы роликтен көргеніміздей жақсылық жасау деген не екенін қысқаша айтып өтсеңіздер

Зікірия:Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Осындай қасиет роликте көрген баланың бойында жақсы қалыптасқан.Ол қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

Нұрдәулет: Мен жақсылық жасауды, кішілерге қамқор жасау, қарт кісілерге көмектесу кішкентайлардың көңілін қуанту деп түсінемін.

Арсен : Дұрыс айтасың Нұрәлім,жақсылық жасау дегеніміз – қоршаған ортаны ластамау, гүлдерді әрқашан суарып жүру керек деп ойлаймын.

Анель:Менің ойымша,жақсылық жасау дегеніміз – тек қана адамдарға емес, қоршаған ортаны , айналаны барлығына қамқор көрсету, қайырымды болу. Егер адамдар бір-біріне жиі-жиі жақсылық жасай білсе, әрқашанда дос, бауыр болады. Сонымен қатар бейнефиьм бізді жақсылық жасауға үйретті.

YI.Тапсырма Қазір алдарыңызда жүрек пішіндес гүл күлтелері жатыр сол күлтелерді өмірде өздерің істеген бір жақсы істеріңнің біреуін ғана айтып, тақтаға іле қойыңдар.

Оқушы: Мен күнделікті анама үй жұмысыны көмектестім.

Оқушы: Мен, сөмкесі ауыр әжейге көмектестім.

Оқушы: Мен інімнің сабағына көмектестім.

Оқушы: Мен гүлді суардым

Оқушы: Мен әкеме көмектестім.

Оқушы:Сыныпта апайыма көмектестім


YII.Тапсырма

Ал, енді келген қонақтарымызға арнап өздеріңіздің ойлаған тілектеріңізді білдіре қойыңыздар. Осы ойлаған жақсылығымыз мына алдарыңыздағы күннің шуағы арқылы сол адамдарға жетеді.

- Келген қонақтарымызға ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

- Отбастарына амандық тілеймін.

-Жақсылығымыз жақын болсын!

-Жаманды жуытпа, жақсыны ұмытпайық!

-Жақсы күндеріміз көп болсын!

-Әрдайым жақсылық жасап жүрейік!

Мұғалім: Біз жақсылық ағашын,жақсылық гүлін құрастырдық. Бұл жақсылық ағашы да, гүліде жақсы адамның қолынан өседі. Жақсы адамның бойында қайырымдылық, бауырмалдық, еңбексүйгіштік, адалдық, қамқорлық болу керек. Осындай жақсылық гүлдеріміз бен ағаштарымыз жерімізде күн нұрымен жайқалып өсе берсін деп тілейміз.

-Біздің ауылымыз гүлдене берсін деп тілеймін.

-Мектебіміз алға өсіп өркедеп жылжи берсін деп тілеймін.

-Адамдар әрдайым бір-біріне жақсылық жасап қамқор болып жүре берсін деп тілеймін.

Жақыңды, достыаяла,

Қанатыңсондаталмайды.

Барыңдыжұрттанаяма,

Жақсылықжердеқалмайды.

Жайдарыжүзбенжарқыра,

Қатыгезболсаң- солқайғы.

Әдепті болсаң қашанда,

Жақсылық жерде қалмайды.

Осымен «Жаным толы жақсылық» атты тәрбиелі шарамыз аяқталды.

Көңіл бөліп тыңдағанда- рыңызға көп-көп рахмет

 

 

Просмотров: 168


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст