"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адам ағзасындағы дәрумендерің маңыз"

31.01.2021
  1. Дәрумендер, адам ағзасындағы орны.

            

 

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы  үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық  активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Витаминдердің көпшілігі ферменттердің  негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты.

 

А дәрумені сарғыш не қызыл  түсті тағамдарда кездеседі. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар  тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды. А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен.

 

В1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет. 

 

В2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністерде кездеседі. Бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ол жетіспесе адам жүдеп, шаршап, ерні, өкшесі жарылып, көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. Терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. Салқын кезде және ыстықта адам ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі.  Оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал. Дәрумендердің В тобына бұл аталғандардан басқа В6, В12 түрлері де жатады. Олардың да өзіндік әсерлері бар.

В6 жетіспесе, қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл, кейде бет, мойын терісі қабынып, кейде қояншық ауруына тап болады. Бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. Әсіресе, ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. Ересек адам оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді.

В12 дәруменінің физикалық рөлі өте зор. Оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар. Бұл дәрумен екіқабат әйелдерге және жемсау (зоб) ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады.

С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. Тағамда С дәрумені жеткіліксіз болса, адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. Сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды.  С дәрумені суда жылдам ериді. Сондықтан тамақ құнының жоғалмай, дәруменнің азаймауы үшін дастарханға қояр алдында әзірлеу керек. С дәрумені итмұрында аса көп. Соған орай күзде көп жинап алып қысқа сақтауға болады. Суға езіп, тұнбасын ішеді. Негізінде адамға тәулігіне 50-100 мг мөлшерінде С дәрумені қажет.

Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді.Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет. Оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. Сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды.

Осы аталған дәрумендермен  қоса Е, К, РР, Р деген дәрумендер де ағзаға үлкен әсер етеді.

Е дәрумені жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады.

К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор. Ғалымдардың ұйғаруынша, тәулігіне адамға 0,2-0,3 мг К дәрумені қажет.

РР дәруменінің ағзада жетіспеуі пеллагра деген дертке ұшыратады. Оның негізгі белгілері іш өту, тері қабынуы, т.б. РР зат алмасуға қажетті ферменттердің құрамына кіреді. Адам ағзасының бұл дәруменге деген қажеттілігі күніне 15-30 мг. Ол бауырда, ашытқыда, қозықұйрықта көп кездеседі. Бұл дәрумен қарын сөлін өндіруге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне, сүт қышқылының алмасуына тікелей әсер етеді. 

Р дәрумені (биофлавоноидтар) аскорбин қышқылына ұқсас. Сондықтан ол С дәрумені бар тағамдардың құрамында жиі кездеседі. Оның физиологиялық қасиеті - ұсақ қан тамырларының нәзіктігін және өткізгіштігін азайту. Р дәрумені шайдың құрамында көп. Сондықтан қазақ келіншектерінің арасында бұл дәруменнің жетіспеуі өте сирек кездеседі. Оларда қан тамыры ауруы да жиі болмайды. Өйткені ол ұсақ қан тамырларын бекітіп, серпімділігін арттырады. Шайдың маңызын осыдан көруге болады.

2. Дәрумендер көп және жетіспеген жағдайда болатын құбылыстар.

Дәрумендердің тапшылығының себептері

Дәруменнің ағзада жетіспеушілігі (мүлдем жетіспеу-шілігі – авитаминоз; төменде-уі – гиповитаминоз) түрлі  ауруларды қоздырып, адамның жалпы жағдайын төменде-тіп, аурулар туғызуы мүмкін. Дәрумендер жетіспеуші-лігінің түрлі себептері бар: 1. Адам ағзасына олардың жеткіліксіз мөлшерде түсуі; 2. Ағзадағы дәрумендердің түрлеріне қарамастан, асқоры- ту жүйесінің аурулары салда-рынан олардың қорытылып, сіңуінің бұзылып, нашарлауы. Дәрумендер жетіспеушілігі көбіне «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген мезгілі» – көктем айларында кездесе- ді.

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену Пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану Бери-Бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз  болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст