"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс күні құтты болса!

15.05.2018

9 мамыр – Жеңіс күні

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, әріптестер 9 мамыр Жеңіс күні құтты болсын.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе силап қырдың гүлінен .

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып.

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерменен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 

Жүргізуші: Соғыстын алғашқы күндерінен бастап-ақ біздің халқымыз жан тәніман ел қорғады. Еліміз үшін аянбай шайқасты.

Әлхам: Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ

Жеңе алмады жау бірақ,

Жиырма сегіз қыранды.

Даниял: Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып

Жау алдында тұрды олар,

Жирма сегіз шын болып.

Мадияр: Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп

Жирма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.

Ән: «Ақ көгершін»

Әрсен: Жерден, көлден, аспаннан,

Соқты жауды ел күнде

Берлинде алғаш басталған,

Бітті соғыс Берлинде.

Максим: Солдат болған атам да

Солдат болған папам да

Солдат бүгін ағам да

Кезек келді мағанда.

Би. «Катюша»

Станислав: Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға
Атақ даңқын жеткіземіз

Ертеңгі атар таңдарға

Жүргізуші: Бәріде майдан үшін 
Бәріде жеңіс үшін 
Біздер үшін жанын қиған 
Бас иеміз жандарға. 

Анеля: Бұлт түнеріп аспаннан 
Талай көзден жас тамды 
Тұтқиылдан жау тиіп, 
Қырғын соғыс басталды. 

Аянат: Тылдағы ел де ерледі 
Тынымсыз күн-түн терледі 
Ерлердің жоғын білдірмей 
Жауды да жеңіп кел деді. 

Айнұр: Әлия орыс қаласын 
Азат етіп болды мерт 
Ол жеңісті көрген жоқ 
Келді кейін азат күн 
Пулеметті сөйлетіп 
Қорғады алтын бесігін 
Ұмытпаймыз өрлетіп 
Мәншүк апа есімін 

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші.

Отан сенің алдында борыштымын,

Өз бойыңнан іздейді өрісті ұлың

Лапылдаған жаныңнан армаңындай,

Мен бақытын тілеймін жер үстінең.

Құрметті ата-аналар, балалар жеңіс күні тағыда құтты болсын. Жер бетінде әрдайым бейбітшілік болсын, көңілімізді кір шалмасын – дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст