"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ат- ер қанаты

22.02.2023 «Ат ер – қанаты»- деп қазақ халқы ертеден–ақ төрт түліктің төресі жылқы жануарын қасиетті санаған. Қазақтың сана – сезімінде жылқы ойып тұрып орын алған киелі жануар болған. Көшпенділер тарихында жылқыдан асқан кербез жануар болмады. Қазақ қашанда жылқыны кие тұтты. Қазіргі күнге дейін өз құндылығын сақтап келе жатқан ұлылығымызды ұлықтайтын жылқының орны қазақ үшін қашанда киелі болмақ. Ата–бабамыз қасиетті санаған арғымақ біз үшін де киелі, біз үшін де қасиетті. Балалық шақтың алғашқы сатыларына жеткеннен-ақ «Атқа мінер жасқа келдің»,- деп баланы аттың құлағында еркін ойнауға баулыған. Шөпті де талғап жеп, суды да талдап ішетін қадірлі жануар қазақтың жанына етене таныс. Ішсе сусын, мінсе көлік, жесе тағам болатын жылқының пайдасы қай заманда да, қай жағынан алып қарасақта азаймақ емес. Қазақ сәйгүлікке мінгенде жанына сая табып, қанаттанып кететін болған. Кешегі Қобландының – Тайбуырылы, Алпамыстың – Шұбар аты өз иелеріне қандай сенімді серік болды десеңізші. Қаншама суырып салма ақындардың өлеңіне арқау болып, қаншама күйшілердің керемет туындыларына себепші болған дәл осы - сәйгүліктер. Егемендігіміздің символы Елтаңбамыздан да ойып тұрып орын алған да, дәл осы - жылқы. Жылқы жануарының біз үшін қаншалықты маңызды екенін айтып жеткізу мүмкін емес. Аңшылыққа шыққанда, жауға шапқанда, сауық құрғанда ер жігіттің жанынан қашанда жылқы табылған. Ер балаларды қойғанда, қазақтың қыздарының өзі сәйгүлікті жанына серік еткен. Жылқы жануарының қазіргі кезде насихатталуы көңіл қуантпайды. Оған себеп, бүгінгі күннің жастары жанына серік еткені былай тұрсын, жылқыға жақындауға қорқатына жасырын емес. Бұл ұлттық құндылықтарымызға деген салғырттығымыздың белгісі десек те болады. Дегенмен, осы мәселе жақында жарық көрген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жақсы қозғалды. Бұл мақалада атқа міну мәдениетінің тарихы біздің ұлтымыздың тарихымен тікелей байланысты екендігін, төрт тұяқты жылқы жануарының тарихымыздың төрінен орын алатынын атап өткен. Жылқыға қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. «Ат - ер қанаты», «Жылқы - малдың патшасы», басқа да даналық нақылдарда жылқының қадір-қасиеті айтылған. Адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деп дәріптеуінде үлкен мән бар. Ерте заманда тарпан мен түзат қазақ даласында кездескен. Қазақтың тарихи дастан жырларында жылқыны батырлар жеке мініске пайдаланғаны баяндалады. Мысалы, Қобыландының - Тайбурылы, Ер Тарғынның - Бозтарланы, Қамбар батырдың - Қарақасқасы, Төлегеннің - Бозжорғасы, Ақан серінің - Құлагері. Сондықтан адамзаттық абыройын асқақтатқан жылқының асыл тұқымдарының санын көбейту қажет. Сапасы жоғары жаңа қолтұқымдарды асылдандыру шараларына ерекше назар аударылуы тиіс. Қазақстан елтаңбасындағы жылқы бейнесі. Халық сүйікті перзенттерін «құлыным», «құлыншағым» деп еркелетуі, жылқыны өте жоғары бағалағандығын көрсетеді. Ертеде көшпелі тайпалар жылқыға табынған. Беделді адамдар өлгенде жылқыны қоса жерлеу дәстүрі ежелгі сақ тайпаларында сақталған. Бұған Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау өңірлерінен табылған адамдармен қоса жерленген жылқы сүйектерінің қалдықтары дәлел. Қазіргі елтаңбамызда жылқы бейнесінің болуы сол сабақтастығы аңғартады. Жылқышы жеті қазынаның бірі деп есептейді. Жыл санауда жылқының жетінші жыл болып енуінде үлкен мән бар. Жылқының қадір-қасиетте байланысты «арғымақтар» және «жабылар» (қазақы жылқы) деп екі топқа бөледі. Арғымақ жылқылар адамға дос, сенімді серік. Олар жүйрік жылқы тұқымдары деп саналған. Арғымақ тұқымынан шыққан таңдаулы жылқышы «тұлпар», «сәйгулік», «пырақ», «дүлдүл» деп дәріптеген. Асыл тұқымды арғымақтардың қазақ даласында көптеп өсірілгендігі туралы тарихи деректер де бар. Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы қолтұқымдары түрлі мақсатқа сай қолдан сұрыпталып шығарылған. Ауыр жүк таситын, салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын, етті, сүтті бағыттағы қолтұқымдары өсіріледі.
Просмотров: 2793


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст