"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Судың да сұрауы бар

09.01.2023 Судың да сұрауы бар. «Су – тіршілік көзі», «Судың да сұрауы бар» деген даналықты тікелей мағынада түсініп көрелікші. Сусыз өмір жоқ екенін теориядан білеміз. Ал іс жүзінде сол тіршілік көзі суға деген құрмет жоғалып барады, десем артық айтқаным емес. Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен. Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс - әрекеті 20 пайызға төмендейді екен. Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады. Енді мына сұмдықты күнде бәріміз көріп жүрміз: Дәрет алғанда неше литр су кеткенін есептеп көрдіңіз бе? Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңізді есептеп көрдіңіз бе? Ендеше суды үнемдеумен қатар, соған кететін қаражатыңызды да үнемдей аласыз. Төменде берілген пайдалы кеңеске назар аударып көріңіз. Пайдалы кеңестер. ● Кірді сирек жуыңыз, аз-аздап жуғанның орнына кірдің жиналуын күтіңіз, сонда шығын да азаяды, суды да үнемдейсіз. ● Ваннаға түскеннің орнына душ қабылдаңыз. Бұл суды үнемдеумен қатар денсаулығыңызға пайдалы. Қан тамырлар жүйесін нығайтады, сергітеді. ● Ыдыс жуғыш құралдарды аз пайдаланыңыз. Ыдысты ағып тұрған кран астына емес арнайы ыдысқа жуған абзал. Бұл жағдайда үнемдеуді 3 есе арттырасыз. Ыдыс жуатын құрал мен суға қаржы үнемдейсіз және экологияның ластанбауына үлес қосасыз. ● Таза ауыз суды босқа төге бермеңіз. Таза ауыз суды дұрыс пайдалана біліңіз. Бұл ақша үнемдеуге баулиды және табиғатқа құрметпен қарауға үйретеді. Суды үнемдей білейік, табиғатқа құрметпен қарайық!
Просмотров: 1411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст